Үшінші көшпенділер ойындары 3 қыркүйек күні Кырчын жайлауында жалғасын тапты. Қырғыз елінің әр облысынан және шет елден келген командалар жайлауды жағалай киіз үй тіккен. Ашық аспан астындағы сахнада тарихтан сыр шертетін қойылым мен ат үстіндегі ұлттық ойындар ойналды.