Әлем назарын өзіне аудартқан жекпе-жекке 4 күн қалды

0
89

Отандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-3, 34КО) мексикалық былғары қолғап шебері Саул Альвареспен 15 қыркүйекке жоспарланған екінші жекпе-жегін өткізу мақсатында Лас-Вегасқа келді.

15 қыркүйек (Астана уақытымен 16 қыркүйек таңертең) қазақстандық “GGG” мен “Канело” T-Mobile аренасында екінші жекпе-жегін өткізеді. Геннадий WBA Super, WBC және IBO орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерін тәуекелге тігетін болады. Сондай-ақ, боксшылар «The Ring» журналының және WBC-дің арнайы белбеуі үшін бақ сынасады.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізілген болатын. Алғашқы бокс кешінде Геннадий мен Канело тартысты тең дәрежеде аяқтаған.

Бұл жолғы шайқаста Геннадий Головкин мен Саул Альварес жекпе-жекті уақытынан ерте аяқтауға ниетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз