Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегінде колумбиялық қарсыласы Карлос Галванды 60-54 есебімен басып озды. Бұл туралы боксшы инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Отандық боксшы мен колумбиялық спортшы арасындағы дода 28 қыркүйекте (Астана уақытымен 29 қыркүйек) АҚШ-тың Калифорния штатында өтті. 6 турдан тұратын бәсекеде төрешілер жеңісті бірауыздан 60-54 есебімен Жәнібекке берді. Бұл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан Жәнібектің алғашқы жеңісі.
25 жастағы былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы бүгінге дейін үш рет шаршы алаңда бақ сынап үшеуінде де (бірін нокаутпен) жеңіске жеткен. Оның бүгінгі қарсыласы Карлос Галван бұған дейін 24 рет бәсекеге түсіп доданы 16 рет жеңіспен, 8 жеңіліспен және 1 тең дәрежеде бақ сынаумен тамамдаған.
Жәнібектің келесі жекпе-жегі 3 қарашада Эль-Пасо қаласында (Техас штаты) өтеді. Оның қарсыласы американдық “Жыртқыш” лақаб атын иемденген 32 жасар Вон Александер (12-1, 8 КО).
Айта кетейік колумбиялық былғары қолғап шебері Карлос Галванмен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 19 жекпе-жегінде бәсекеге түсіп “GGG” Карлосты накаутпен жеңген болатын.