Иран Ислам Республикасында 3 адам сыбайлас жемқорлыққа байланысты өлім жазасына кесілді. Бұл туралы korrespondent хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл тексеріс жүргізуді Тегеранда қолға алып 35 жемқорды құрықтаған. Үш адамды өлім жазасына кесумен қоса 32 адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Иранның сот жүйесінің ресми өкілі Голамхоссейна Мохсени Эджеи өлім жазасына кесілгендердің осы шешімге шағымдануға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Дегенмен қылмыскердің өтінішін Иранның Жоғарғы соты мақұлдан жағдайда ғана жаза жеңілдетілуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Египет соты 2013 жылғы заңсыз наразылық әрекеттері мен адам өлтіру қылмысына байланысы бар 75 адамды өлім жазасына кескен.
Жадыра Аманбайқызы