Келесі жылы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Түркменстан астанасы Ашхабад қаласында өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты.
«2019 жылы ТМД-ға төрағалықты Түрікменстан атқарады. Осыған орай ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2019 жылы 11 қазанда Ашхабад қаласында өтеді», – деді ол СІМ-де өткен брифингте.
Еске сала кетейік, биыл ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысы Душанбе қаласында өткен болатын. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан.