Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі тағайындалды

0
111
Жээнбек Кулубаев

Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Жээнбек Кулубаев тағайындалды.

2016 жылдан бері Қырғызстанның Қазақстанда елшісі болған жоқ. Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша,  ел президенті Сооронбай Жээнбеков күні кеше ғана  осындай жарлыққа қол қойды.

Соңғы уақытта Кулубаев Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азия және Африка департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Ол 1963 жылғы 5 сәуірде Ыстықкөл облысының Чырпыкты ауылында туған. Мәскеу әскери институтын, ҚХР СІМ Дипломатиялық институтын (шығыстанушы) бітірген. Қырғыз, орыс, ағылшын және қытай тілдерін біледі.

Осы уақытқа дейін көрші республиканың мүдделерімен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Кайнарбек Токтомушев айналысып келген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз