РФ басшысы Владимир Путин 11 қараша Парижге жасайтын сапарында америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездеседі. Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Путин Трамппен келіссөздерінің өтетін орны мен уақытын Ақ үй басшысының ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтонмен сөйлесіп, келіскен.
Екі мемлекет басшысының кездесуі Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының жүз жылдығына орай Парижде өтетін іс-шарада болады. Келіссөздердің уақыт ұзақтығы қос президентке байланысты.
“Бұл қалыпты екіжақты кездесу”,- деп атап өтті РФ басшысының көмекшісі. Сондай-ақ, келіссөзге екі мемлекеттің делегация өкілдері де қатысады деп күтілуде.
Бұған дейін Путин мен Трамп осы жылдың шілдесінде Хельсинкиде кездесіп, келіссөздер жүргізген еді.
Safina Said