Астанадағы Салтанат сарайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Алқалы жиында Достастық пен ынтымақтастық, мемлекеттер арасындағы сауда-ынтымақтастықты нығайту аясындағы мәселелер қарастырылады деп жоспарлануда.
ТМД Үкімет басшыларының кезекті отырысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелерімен қоса, мәдениет пен қаржы саласындағы өзара әрекеттің көкейтесті мәселелері қарастырылмақ.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ядролық апаттағы жағдайда дайындықты қамтамасыз етуге, салықтық-әкімшілік аясындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен қызметті жүзеге асыруға, жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар халықаралық шартқа қол қойылады деп жоспарланған.
Айта кетейік, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына ТМД-ға мүше елдерден 120-ға жуық БАҚ өкілдері келді.