Сағынтаев ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысын ашты

0
177

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашты. 

Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр: Сіздерді Астанада көргенімізге қуаныштымыз. ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысына мейілінше қолайлы жағдайлар жасауға тырыстық. Кеңес отырысының Қазақстанда өткізілуі жаңа әсер қалдырады деген үміттемін. Бүгінгі қарастырылатын мәселелерде ой бөлісіп, кездесу қорытындысында ТМД елдері арасында ауқымды ынтымақтастықты одан әрі арттырамыз деп сенемін. 

Бүгінгі кеңес отырысында ТМД-дағы экономикалық мәселелер көтеріледі. Және келесі кеңес отырысының қай елде және қашан өтетінін белгілейтін болады. Кеңейтілген құрамдағы отырыста түрлі салалар бойынша 13 тақырып талқыға салынады.

Атап айтқанда, ядролық апат жағдайында немесе радиациялық апатты жағдай орын алған сәтке дайындықты қамтамасыз ету және оның салдарын жою барысында өзара көмек көрсету бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы келісімді талқылау жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, «Уран өндіру өндірісінің әсеріне ұшыраған мемлекет аумағы топырағының құнарлығын қалпына келтіру» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізу көзделген. Үкімет басшылары Жоғары технологиялық энергетикалық құрал-жабдықтар өнірісін дамыту және оны жүзеге асырудың негізгі шараларының жоспары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасын талқыламақ. Бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен қызметін жүзеге асыру туралы келісім де отырыста талқыға түседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз