Елордада жаңа театр маусымы ашылады

0
60
ашық дереккөзден алынды

Астанада жаңа театр маусымы басталады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, екі астаналық театр жаңа маусымның ашылуына дайын.

М. Горький атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма театры жаңа маусымға мәскеулік режиссер Юрий Квятковскийдің қатысуымен А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» премьерасын дайындады.

«Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің аясында біз 5 халықаралық фестивальге қатыстық. Жалпы Қазақстанда театр өнері үлкен белеске шығып келеді. 25 қазан күні «Евгений Онегин» қойылымын тамашалауға қымбатты көрермендерімізді шақырамыз», – дейді М. Горький атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Қасенов.

Өз кезегінде, Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры жаңа маусымды «Абай» қойылымымен ашпақ. Бір қызығы, қойылым барысында көрермендер Абайдың екі образын көре алады – қарт Абайдың рөлін ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов сомдаса, жас бейнесін – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов сомдайды.

Атап өтерлігі, 25 қазанда Астана қаласы әкімдігінің жастар театры да жаңа маусымын бастайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз