Абу Дабидың мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғары бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) арасындағы сенімді қарым-қатынастарды атап өтіп, одан әрі жемісті дамуының мән-маңызына тоқталды.
«Сіздер бізге әрдайым халықаралық аренадағы және экономикалық салада қолдау көрсетіп келесіздер. Жылдар бойы Қазақстан мен БАӘ жылы қарым-қатынас орнатты. Қазақстанға ерекше назар аударғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті экономиканың әртүрлі салаларында, оның ішінде мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібінде бірқатар бірлескен жобаларды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Өз кезегінде мұрагер ханзада Әбу Даби екіжақты байланыстардың даму қарқынын және Нұрсұлтан Назарбаевтың оларды одан әрі нығайтудағы белсенді рөлін атап өтті.
Келіссөздер барысында тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Жадыра Аманбайқызы