Оқи отырыңыз: “Астана Клубының” төртінші отырысы өтіп жатыр
Ғаламдағы қауіптер турасында жасалған зерттеудің нәтижесі “Астана Клубының” төртінші отырысында жарияланған болатын. Зерттеу барысында 60 мемлекеттен 1000-нан астам кәсіби респонденттер арасында сауалнама жүргізілді.
Сарапшылардың болжамына сәйкес төніп тұрған басты жаһандық қауіптер:
- Қытай мен АҚШ текетіресінің шиеленісуі;
- Кең ауқымды сауда соғыстары;
- Таяу Шығыстағы үлкен соғыс;
- Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы;
- Еуразиядағы “шиеленіс ошақтарының” қайта жандануы;
- Жікшілдік, этнос пен конфессияаралық шиеленістердің ушығуы;
- Экологияға және су ресурстарына төнген қауіптердің ушығуы;
- Киберқауіптің дамып, күшеюі;
- Жаппай қаруланудың жаңа кейпі;
- Ірі ядролық және техногенді апаттар қаупі.