“Астана Клубының” төртінші отырысы өтіп жатыр

0
100

12 қараша күні Назарбаев орталығында “Астана Клубының” төртінші отырысы басталды. Жиында “2019 жылы Еуразия үшін төніп тұрған әлемдік қауіптер рейтингі” атты зерттеудің нәтижесі жарияланды. 

Еуразияда ғана емес, ғаламда қалыптасқан геосаяси және геоэкономикалық үрдіске баға беруді мақсат тұтқан зерттеуге әлем бойынша 30-дан аса сарапшы мен саясаткер қатысып отыр. Зерттеу барысында 60 мемлекеттен 1000-нан астам  кәсіби респонденттер арасында сауалнама жүргізілді.

Авторлардың ішінде әлемнің үздік сарапшылары мен Нобель сыйлығының лауреаттары да бар.

Атап айтсақ, Ауғанстанды 10 жыл басқарған Хамид Карзай, Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Шаукат Азиз, Словения экс-президенті Данило Тюрк, Италия экс сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Португалия (2002-2004) премьер-министрі Жозе Мануэл Баррозу, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммед Эль-Барадеи және т.б.

“Астана клубында” осы сарапшылар “Үлкен Еуразияға апарар жол: ортақ болашақты қалай құрамыз?” атты басты тақырыпта әңгіме қозғайды. Тақырып әлем мен Еуразия кеңістігіндегі жікке бөліну, сауда және санкциялық қақтығыстар мен қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлерге байланысты таңдалып отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз