Қазақстан мен Иранның 8 консулдық кездесуі Тегеранда өтеді

0
102

13-14 қараша Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы консулдық консултациялардың 8 отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Қазақстан тарапынан СІМ консулдық қызметі депортаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев  төрағалық етеді.

Іс шара барысында тараптар консулдық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырмақ. Атап айтқанда консулдық құқықтық және визалық, сондай-ақ екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау  мәселелері қарастырылатын болады.


Қазақстан мен Иран арасындағы консулдық консултациялардың жетінші отырысы 2016 жылы Астанада өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз