Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты пікірін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысының мақаласына байланысты “Елбасының идеяларын жүзеге асыру барысында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр”, деп жазды.
Президент жаңа мақаласында Ұлы даланың бірегей тарихи мұрасын жүйелі түрде жан-жақты талдайды, оның әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын ғылыми тұрғыдан байыптауды ұсынады. Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 21, 2018