Актер, ұстаз, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, мәдениет қайраткері Есім Сегізбаев 82 жасында өмірден озды. Қайғылы хабарды Қалибек Қуанышбаев театры Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Есім Сегізбаев 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысында дүниеге келген. “Жаужүрек мың бала”, “Оралман” сынды кинокартиналарымен танымал. 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. Сегізбаевтың шеберлік сыныбынан түлеп ұшқан танымал отандық актерлер қатарында Нұркен Өтеуілов, Айнұр Бермұхаметовалар бар.