Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінің 12 раунды елордада өтеді. Сирия Араб Республикасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі тараптардың келіссөздері ақпан айының алғашқы он күндігінде өтеді деп жоспарланған. Бұл шешім Бейсенбі күні Астанада қабылданған Сириямен келіссөздерден кейін Ресей, Иран және Түркия бірлескен мәлімдемесінде айтылды.
Кепілгер елдер өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының Сириядағы арнайы өкілі Штефан де Мистураға Сириядағы дағдарысты бейбіт жолмен шешуге атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Келіссөздердің 11 кезеңінде аймақта конституциялық комиссия құру мен қазіргі уақытта жағдайы ушыққан Идлиб аймағы басты тақырыпқа айналды.
Кездесу барысында Сирия Үкіметі Түркияны айыптап “Түркия Сирия аумағында орналасқан провинцияға ауыр әскерлерін енгізіп, халықты түркілендіру ісімен айналысуда, бұл өз кезегінде айқын – басқындық”, деп атады.
Сирия Үкіметінің өкілі Түркияның аталған әрекетін Сирияның топырақ бүтіндігіне жасалған айқын басқындық деп қарайтындарын алға тартты. Сондай-ақ, Джафаари ресми Дамаск Сирияның солтүстігінен түрік әскерлері дипломатиялық тұрғыда шықпаса, “басқа шаралар” қолданатындарын ашып айтты.