“Біздің қазақ халық әндері сезім мен философиялық мазмұнға толы. Қазақ әндерінде әуенді емес, сөзін тыңдау керек. Сөздің мағынасы зор”.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың музыкалық қабілеті баршаға аян. Белгілі бір жиындарда қолына домбыра алып, күй шертуі, нақышына келтіріп ән орындауы, әнге сөз жазуы Елбасының шығармашылыққа деген ерек көзқарасы мен қабілеті барын көрсетеді. Бүгін бірінші желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш президент күні атап өтіледі. Осыған орай Kazaknews.kz мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық қабілеті турасында материалды назарларыңызға ұсынады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өнерге деген қызығушылығы мен қабілеті бала кезінен байқалған. Елбасы өз естеліктерінде әкесі Әбіштің қазақ пен орыс әндерін көңілдене шырқайтынын, ал анасы Әлжанның әнді өте жақсы орындайтынын ойға алады. Мемлекет басшысы сұхбаттарының бірінде кешке жұмыстан келгеннен кейін, қолына домбыра алып күй тартатынын, сол сәтте-ақ бәрі ұмытылатынын айтқан еді. Өзінің сүйікті әндерінің қатарына Нұрсұлтан Назарбаев “Жұлдызым”, “Көзімнің қарасы”, “Беу, айдай” и “Сәулем-ай” әндерін жатқызады. Бұдан өзге Елбасының сүйіп тыңдайтын әндеріне “Маралды”, “Ақ сиса”, “Баянауыл-ай”, Надежда”, “Весна на Заречной улице”, “Старый клен” әндері де жатады.
Нұрсұлтан Назарбаев бес әннің авторы – “Шұбарат” (1973 жылы шыққан, әні мен сөзінің авторы), “Елім менің”, “Жерім менің”, “Үшқоңыр” (2001 ж), “Город мой!” (2012 ж). Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнінің мәтінін жазған авторлардың бірі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйіп орындайтын әндерінің бірі Иосиф Кобзонның “Песня о тревожной молодости” әні. Бұл әнді мемлекет басшысы бірнеше жиындарда орындады.
Осы жылы Қарағанды облысына жасаған сапары барысында да мемлекет басшысы Теміртаудағы саябақта Кобзонның репертуарындағы “Песня о тревожной молодости” әнін шырқады.
Елбасы қазақтың халық әндерін сүйіп орындайды. Сол әндердің бірі Сегіз серінің әні – “Гауһартас”.
Мемлекет басшысы “Весна на Заречной улице” кинокартинасындағы “Когда весна придёт не знаю” әнін баяу бір қоңыр дауыста, әуелете шырқайды.
Нұрсұлтан Назарбаев домбырада да ойнайды, қазақ күйлерін нақышына келтіріп орындайды.
Safina Said