Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Қазспорт.
Чемпионатқа әлемнің 40 елінен 167 спортшы қатысады. Олардың қатарында Грецияның дзюдодан әлем чемпионы, және үш дүркін Еуропа чемпионы Алексиос Нтанатсидис, Джиу-джитсудан әлем чемпионы Бразилиялық Ренато Кардозо, грек-рим күресінің чемпионы Боливиялық Морант пен Тәжікстандық Азия чемпионы Хуршед Шарипов бар.
Әлем чемпионатында Қазақстандық 9 балуан ел намысын қорғайтын болады. Марат Нығматуллаев, Қуаныш Ыскаков, Қасымхан Толенбай, Ғалымжан Әбдірахманов, Әділжан Ыстыбаев, Александр Касачев, Руслан Әбдразақов, Ерсұлтан Мұзафаров және Айбат Сейтен.
Жадыра Аманбайқызы