Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

0
64

ҚР Президенті бірқатар маңызды заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Президенті «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Елбасы сондай-ақ , Қазақстан Республикасының Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі шарттарын реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Аталған заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады.

Жадыра Аманбайқызы

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз