Сағынтаев «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол бағытының ашылуына қатысты

0
46

Бүгін мемлекет басшысының атынан ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтав Бакудегі Баку – Тбилиси – Карс теміржол маршрутының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аталған салтанатты шараға Түркия президенті Р. Эрдоган мен Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Грузия мемлекетінің Премьер-Министрі Георгий Джемалович және Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Худоёр Худоёрзода мен Түркіменстанның теміржол көлігі министрі Бяшимов қатысты.

Ашылу салтанатында темір жол көрсеткішінің трансляциясы, сондай-ақ мемориалдық тақта ашылды.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы Әзірбайжан, Грузия және Түркия теміржол желілерін байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды учаскелерінің бірі болып табылады. Автожолды енгізу Қазақстанға Қара және Жерорта теңізіне жаңа бағыттар ашуына мүмкіндік береді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз