Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) рейтингінде “Астана” футбол клубы 2018 жылдың қорытындысы бойынша үздік 70-ке кірді. Бұл туралы “SPORTINFORM” САА хабарлады.
2018 жылдың қорытындысына сәйкес “Астана” 129-шы орыннан 66-орынға көтеріліп, испаниялық “Валенсиямен” қатар келді. “Қайрат” 157-орыннан 181-орынға түскен. IFFHS рейтингінде басқа Қазақстан өкілдері жоқ. ТМД елдері арасында «Астанадан» жоғары тұрған клубтардың арасында тек екі украиналық команда бар. Ол – “Динамо” мен “Шахтер”.
2018 жылы мадридтік “Атлетико” үздік клуб деп танылды. Алғашқы бестікке “Реал”, “Зальцбург”, “Барселона” және “Ювентус” кірген.