Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 27 жыл толды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылдың қараша айында Жапониямен екі жақты сауданың көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын көрсетті. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт 1,3 млрд долларға, ал Жапониядан импорт 447 млн долларға жеткен.
Соңғы 10 жыл ішінде Жапониядан Қазақстан экономикасына тікелей тартылған шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 6,3 АҚШ млрд доллар болды.
Жапония Қазақстандағы үздік 10 шетелдік инвестордың тізіміне кіреді. Негізгі инвестициялық сала қатарында энергетика, сирек металдар, өнеркәсіп және т.б.
Қазақстанда жапондық капиталы бар 75-ке жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Toyota Motors, Marubeni Corporation, Suzuki Motors, NEC Corporation, JGC Corporation, Tokyo Rope, NYK Line сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқарып жатыр.