Бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызметте қалатын болады. Бұл туралы Сенат отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі: “Қайрат Құдайбергенұлы дипломатиялық қызметте жұмысын жалғастыруға шешім қабылдады, біз оны жақын арада елде жаңа қызметке тағайындалады деп күтеміз”.