Қазақстанда Қожа Ахмет Яссауи туралы кино түсіріледі

0
323
дереккөзден

Түркістан облысы басшылығы аймақта өмір сүрген ұлы тұлғаларға қатысты кинотуындылар шығару турасындағы жоспарларымен бөлісті.

«Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясы Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Ордабасы бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдерін және «Төле би» атты 10 сериялы тарихи телехикаясын таспаланды”, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, өткен жылы түсірілген «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы жергілікті және республикалық телеарналарынан көрсетілді.

Осы жылы мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ахмет Ясауи» телехикаясын, «Әл-Фараби» көркем фильмін және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланған.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханның айтуынша 2018 жылы аймақта отандық және әлемдік мәдениет туындыларына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 29 967 іс-шара ұйымдастырылған. Өткізілген шаралар негізінен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астананың 20 жылдығына орай өткізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз