Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының ішкі көрінісі жаңаратын болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
“Құланшы” замануи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат Пирамиданың қалай өзгеретінін айтты.
“Нысанды жаңа энергиямен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда сәулетші Норман Фостер ойлап тапқан стильге сәйкес келетін барлық бөлмелердің әдемі, жайлы болуын қалаймыз. Концерттік және көрме бағдарламалары, әлеуметтік жобалардың үйлесімділігі маңызды”, – деді Л.Махат.
Пирамидада коворкинг орталығын құру да жоспарланып отыр.
Қала әкімі Бақыт Сұлтанов сарайдың қызметімен танысып, оның ішкі өзгерістері бойынша ұсынылған тұжырымдаманы қолдап, “еркіндік үшін” және “Arteria” көрмелерін аралады. Сонымен қатар, қала басшысы ғимаратқа толық техникалық сараптама жүргізуді тапсырды.