Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмиртий Медведев қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылауды күшейту және екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар туралы мәселе жуық арада шешімін табады деген сенім білдірді, деп хабарлайды Ca-news.
ТМД Үкімет басшыларының кездесуі барысынды ұйымдастырылған кеңейтілген отырыста Д.Медведев «ТМД форматындағы осындай кездесулер өткізген пайдалы, оның ішінде: әріптестер (Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері) сауда-экономикалық қатынастардың өзекті мәселелеріне де тоқтала кетті». Алдағы уақытта екі ел арасындағы мәселелер өз шешімін табады деген сенімдеміз»,- деп мәлімдеді.
Жадыра Аманбайқызы