Елші: Қытайда ешқандай да саяси қайта тәрбиелеу лагерлері жоқ

0
204

“Митингте айтылып жүрген ақпараттар сенімсіз… жалған. Қытай тарапы бөлісіп отырған ресми ақпараттарға сеніңіздер”. Осындай ұсыныспен Қытай Халық Республикасының Қырғыз еліндегі елшісі Сяо Цинхуа қырғызстандық БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі. 

“Қытайда ешқандай да саяси қайта тәрбиелеу лагерлері жоқ. Иә, олар кәсіптік білім беру мекемелерін құрды. Алайда халық ол жақта білім алады, тіл үйренеді, технологияны, кәсіби дағдылануды үйренеді. Мұның барлығы сол жердегі тұрғындардың қамы үшін. Олардың болашақта жұмыс таба алуы үшін. Әрине бұл саяси қайта тәрбиелеу емес. Жасалып жатқан шара саяси қайта тәрбиелеуден әлде-қайда жоғары. Кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алған азаматтар кейін толықтай молшылықта өмір сүретін болады. Олардың әрқайсысы жеке жұмыспен қамтылады. Олардың жоғары білімі болады”, дейді елші Сяо Цинхуа.

Қырғызстандағы Қытай Халық Республикасының елшісі

Елшінің айтуы бойынша бұл “кәсіптік білім беру мекемелері” терроризм мен экстремизмге қарсы құрылған. 

“Бүкіл әлем терроризммен күресу туралы айтып жатыр. Алайда шын мәнінде қалай күресеміз? Терроризммен ол пайда болғаннан кейін емес, терроризм пайда болғанға дейін күресуіміз қажет. Міне бұл нағыз экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің алдын алу шаралары. Бұл Қытайдың терроризмге қарсы халықаралық күреске қосқан үлесі. Ешкім қамауда отырған жоқ. Жалған ақпарат таратуда”.

Қытай үкіметі басында мұндай орталықтардың барын жоққа шығарып келген болатын. Кейін. Пекин қысымды “экстремизмге қарсы шара” деп мәлімдеді және “қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын” айтты.


Бүгінге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі 14 Қазақстан азаматының түрлі себептерге байланысты Қытай аумағынан шыға алмай отырғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берген болатын. 

Қытайдағы этникалық қазақтардың халі күннің басты тақырыбына айналғалы қашан. 2017 жылды сәйір айынан бастап қазақстандық БАҚ беттерінде Қытайдағы қандастардың қысымға ұшырағаны туралы жиі айтыла бастады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен Қазақстанға қоныс аударған қазақтар Қытайда қамалған туыстарына араша сұруда. Олар Қазақстан билігі мен халықаралық ұйымдардан Қытай билігінің туыстарын босатуына ықпал етуін өтінеді.

Бүгін Түркия Қытайдан Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу орталықтарын “азаптау лагерлері” деп атап оларды жауып тастауды талап етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз