Өрт қауіпсіздігіне байланысты жауапты қызметкерлерге сөгіс жарияланды

0
103

Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмысын тиісінше атқармағаны үшін Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаевты қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. 

Барат Оспанұлы ұзақ жылдар бойы Астана қаласының Төтенше жағдайлар депортаментін басқарған болатын. Соңғы уақытта ғана комитетке ауысқан.

Сондай-ақ, Сондай-ақ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Робертович Беккерге, астаналық Төтенше жағдайлар депортаменті бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Тоқашұлы Аманбаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Марғұлан Тоқашұлы да көп жылдар осы Астана қаласы депортаментінде орынбасар қызметін атқарған.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев “Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмысын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильинге сөгіс ариялау жөніндегі ұсынысты президент әкімшілігіне енгізуді тапсырамын”, деп мәлімдеді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз