13 ақпан күні Елордада “Жастар жылы” аясында Универсиада өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы хабарлады.
Жарысқа Астана қаласының жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары (студенттер және магистранттар) қатысады.
“Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары спорттың 18 түрінен сынға түседі. Олар; волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (Қыздар), шорт-трек, шағын футбол (Қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (Ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (Ұлдар), стритбол (Қыздар) және үстел теннисі”, – деп хабарлады мәдениет және спорт басқармасы.