Жапония ядролық қаруды дамыту үшін КХДР-ға қарсы санкциялар енгізетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ АҚШ Президенті Дональд Трамппен жасаған келіссөздерді қорытындылай келе, жетінші қарашадан бастап ядролық қаруды дамытуға қатысы бар Солтүстік Кореялық 35 тұлғаның есепшоттарын бұғаттайтыны жайында мәлімдеді.
Сондай-ақ Жапония КХДР мен АҚШ арасындағы барлық мәселелерді шешу жағдайында Д.Трамптың барлық ұстанымдарын қолдайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен Жапонияның сыртқы істер министрі Таро Коно дүйсенбі АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын.
Жадыра Аманбайқызы