ІІМ жаңа басшысы журналистерден “қашпай”, дос болатынын айтты

0
98
ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистермен “дос болатынын” айтты. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында мәлім болды.

“Мен сіздерден ешқайда қашпаймын, дос боламын. Кеңесшім бар, жұмысты бастадық”, – деді жаңа ІІМ басшысы. 

Сондай-ақ, ол министрлік өрт қауіпсіздігіне назар аударып жатқанын айтты.

“Жоспар бар, қазір осы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ, қазіргі уақытта лашықтар көп, көбі өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін пеш жағады. Бүгінде олардың әрқайсысымен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін Қазақстанның барлық өңірінде өрт сөндірушілер жетіспейді”, – деді министр.

Ведомство басшысы қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын ескеруге шақырды.

“Азаматтар ең алдымен өзіне және отбасына қамқорлық жасауы керек. Неге екені белгісіз, әрқашан мемлекет пен мемлекеттік органдарды кінәлі санайды. Иә, шынында да, біз өрт қауіпсіздігін бақылау органымыз. Дегенмен, өз балаларының, тұрғын үйінің қауіпсіздігі, пешпен жылыту, қандай отын пайдаланылады және басқа да осы жерден туындайтын салдары – азаматтардың өздеріне жүктелуі тиіс”, – деді Тұрғымбаев.

2019 жылы 12 ақпанда Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалған болатын. ІІМ бұрынғы басшысы Қалмұхамбет Қасымов Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз