“Фируза Шарипованың бокс қоры” 2019 жылдың мамыр айында Астанада бокс кешін ұйымдастырады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Турнир Астанадағы қонақ үйлердің бірінде өтеді. Шараға қазақстандық және шетелдік спортшылар қатыспақ. Кешке қатысуға Али Балоев, Айдар Шәрібаев, Виктор Коточигов, Константин Брусенский келісім берген. Ұйымдастырушылар боксшыларды қабылдауға және басқа промоутерлік компаниялармен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.