Қырғызстан қазақ-қырғыз шекарасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз өнімдеріне балама нарық іздейді. Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиков Өзбекстанның Қырғызстан тауарларын сатып алуға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Сa-news.
Новиков Ташкентте бірқатар екі жақты келісімшарттарға қол қойылғанын және алдағы уақытта Қырғызстан Өзбекстанға картоп, сүт өнімдері мен тас және көмір ұсына алатынын айта кетті.
Сондай-ақ жақын күндерде өзбек әріптестермен іскерлік сұхбаттасу болатынын, сонымен қоса қытайлық әріптестермен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатынын қоса кетті.
Қырғызстан президенті А.Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол торабын салудың өзектілігін атай отырып, үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы тез бұзылатын өнімдердің мәселесін балама нарықпен шешуді тапсырған болатын.
Жадыра Аманбайқызы