Назарбаев: Үкімет отставкаға кетуі керек

0
207

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнап үндеу жариялап, ел үшін маңызды шешім қабылдайтынын айтты.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдадым. Мен Үкімет отставкаға кетуі керек деп санаймын», – делінген үндеуде.

“Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін жақсарту, экономиканы ынталандыру және стратегиялық мақсаттарды іске асыру бойынша тиімді қадамдар жасауы тиіс”, дейді Елбасы.

Сонымен қоса Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін бірқатар шаралар ұсынатынын және олар үшін бюджеттен және Ұлттық қордан елеулі қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз