Абылайхан Жүсіпов “Странджа” турнирінде күміс медаль алды

0
228

21 ақпан күні қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Болгария астанасында өткен “Странджа” xалықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қарағандылық спортшы 69 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Боксшы сайыстың бірінші күні рингте АҚШ өкілі Фройдис Рохаспен жұдырықтасты. Жекпе-жек 4:1 есебімен, жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

Жартылай финалда Абылайдың қарсыласы украиндық Евгений Барабанов болды. Бұл жекпе-жекте Жүсіпов қолын жарақаттап алды. Сондықтан бапкерлер штабы оны финалдық шайқастан алып тастау туралы шешім қабылдады. Онда Абылай Өзбекстаннан келген спортшымен жұдырықтасуы тиіс болатын. Осылайша, Абылайхан Жүсіпов турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ол – 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алуға ең басты үміткерлердің бірі.

16 елден спортшы қатысқан “Странджа” турнирі Софияда ақпанның 14-і мен 19-ы аралығында өтті. Қазақстандық құрама бес күміс медальды қоржынына салып, қорытынды есепте алтыншы орынды иеленді. Жүлдегерлер қатарында: Теміртас Жүсіпов (49 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Санатәлі Төлтаев (64 кг) және Василий Левит (91 кг).

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз