Қазақфильм киностудиясының қоржыны тағы бір тарихи филіммен толықты. Дәлірек айтсақ, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ізімен «Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинотуындысын әзірледі. «Қазақ хандығының» ізін ала шығарылған бұл фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашев. Ал продюссері – Арман Асенов. XV ғасырдағы тарихи оқиғалардың сөз тізбегін (диалог) жасаған белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай. Көп сериялы кинотуынды Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.
Қоюшы-режиссер Рүстем Әбдірашевтің айтуынша, бұл жобанының жалғасын түсіруге халықтың ықыласы түрткі болған.
Қазақ хандарының ішіндегі айрықша тұлғалардың бірі Жәнібек хан екендігі белгілі. Ел құрметіне бөленген оны «Әз-Жәнібек» деп атауының өзі біраз жайдан хабар берсе керек… Әз-Жәнібек ханның бейнесін Еркебұлан Дайыров сомдайды. Актер өз кейіпкері жөнінде біраз ізден. Айтуынша, әр актер өзі сомдаған кейіпкердің атымен есте қалғанын тілейді. Әз-Жәнібек ханның рөлін сомдау үшін барлық қарым-қабілетімді салдым дейді актер.
Бұрынғы хан-сұлтандар мен би-шешендер сөздің майын тамызып, шырайын кіргізіп, мақалдап-мәтелдеп, тұспалдап сөйлеген. Әрине, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Кейде қиналамыз. Әсіресе, өмірінде бірінші рет естіген көнерген сөздердің мәнін-мағынасын жас актерлар түсінбейді. Олардың түсінбегені экранда айқын көрініп қалады, кадрда сезіліп тұрады екен. Актердің көзі айтып тұрады. Содан кейін оларға шеберлік сабағын өткізіп: “Әй, шырағым, ол – мынандай сөз ғой. Сен оны мына себеппен, мынадай мағынада айтып тұрсың” деп түсіндіріп тұруға тура келеді, – дейді Ерлан Төлеутай.
Еске түсіре кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Алмас қылыш» фильмі жалпыұлттық прокатқа шығып, одан 72 млн теңгеден астам қаржы жинаған. Ал «Қазақ хандығы» атауымен шыққан 10 сериалы кинотуынды алғаш рет «31-арнада» көрсетілген еді.