Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Аталған қызметте болған Ахметов Алпысбай Рахметуллаұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Т.Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін (2000 ж) “Менеджмент” мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002 жылы “Болашақ” бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілік мамандығы бойынша аяқтаған. “Қаржы” бойынша бизнес магистрі.
Еңбек жолын Алматыдағы “Эрнст энд Янг Казахстан” аудиторлық компаниясында бас кеңесші болып бастаған. “ҚазМұнайГаз Өндіруді барлау” АҚ-да салықтық есеп пен салықтық жоспарлау департаментінің директоры болды.
2009-2010 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі , 2010-2012 жылдары ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі болды.
2012-2017 жылдары Еуразия экономикалық коллегиясы комиссиясының экономика және қаржы саясаты бойынша мүшесі болды.
2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың ақпанына дейін ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.