“Астана” “Қайратты” жеңіп, Суперкубок иегері атанды

0
94
"Астана" командасының ойыншылары.

3 ақпан күні Алматыда “Астана” ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті “Қайратпен” кездесіп, 2:0 есебімен жеңді.  Ойында астаналық команданың сұрмергені Жуниор Кабананга екі гол салған. Ол ойынның сегізінші минутында Покатиловтың қақпасынан саңылау таба білді. Ал 66-шы минутта ойынның ақтық нүктесін қойды.

Айта кетейік, соңғы бес минутта және қосымша төрт минутта “Қайрат” сапында өнер көрсететін легионер Эсеола алаңнан қуылғаннан кейін, алматылық команда ойынды он адам болып жалғастырды.

Еске салайық, Суперкубок жыл сайын футболдан Қазақстан чемпионы болған команда (“Астана”) мен Қазақстан Кубогының иегері (“Қайрат”) арасында өтеді. Суперкубок дәстүрлі түрде премьер-лиганың жаңа маусымын ашады. ҚПЛ-2019 ойындары келесі демалыс күндері басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз