Алексей Полтораниннің бапкері қазақстандықтардан кешірім сұрады

0
101
Сурет: vksport.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің алғашқы бапкері, бүгінге дейін онымен бірге жұмыс істеп келе жатқан Алексей Наконечный спортшының басындағы допинг-дауға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы vksport.kz хабарлады.

“Құрметті қазақстандықтар, менің шәкіртім антидопингтік ережені бұзғаны үшін кешірім сұраймын. Еліміздің барша тұрғындары, ата-аналар мен басшылық алдында кешірім сұрап, бас иемін. Өзімді осы жағдайға кінәлілердің бірі санаймын, себебі 11 жыл бойы Алексейдің алдына бір ғана мақсат қойдым, бұл – ел үшін ірі жарыстарда алтын медаль иелену. Ол ұзақ жылдар бойы осы мақсатқа жетуге тырысты. Алтынға деген ұмтылыс осындай әрекетке алып келді. Алексейді адал әрі парасатты адам ретінде білемін. Ол алғаш рет сүрінгеніне, тыйым салынған дәріні қолдануға тырысып, қолданбағанына сенемін. Бұл жағдай WADA (Халықаралық антидопинг агенттігі) қаралымында әсер етеді деп үміттенемін. Бәріңізден Алексейге қолдау көрсетуді өтінемін. Оның спортқа оралып, ел намысын жоғары деңгейлерде қорғай беруін, таза спортты насихаттап, допингке қарсы күресуін тілеймін”, – деп жазылған мәлімдемеде.

Еске салайық, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған. Алексей Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты. Қазір олар спорттан уақытша шеттетілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз