Қырғызстан ақ қалпақ күнін атап өтті

0
343
Қырғызстан ақ қалпақ күнін атап өтуде.

5 наурыз күні Қырғызстан ақ қалпақ күнін атап өтті. Қырғыз белсенділері 2011 жылдан бері бұл мерекені тойлап келеді. Бұл туралы ulys.kz хабарлады.  

Ақ қалпақ күнін 2016 жылы “Жогорку Кенеш” арнайы қаулы қабылдап, ресми мереке ретінде бекіткен. Содан бері ұлттық бас киім күні жыл өткен сайын бұқаралық сипатқа ие болуда. Қырғыздардың айтуынша, айыр қалпақтың тарихы 700 жылдан асады. Жазда ыстық өткізбейтін, қыста басты жылы ұстайтын бас киім таулы аймақтың ауа- райына да қолайлы. Дәл осы мереке күні қырғыз бауырлар ақ қалпақтарын киіп жүруге тырысады. Тіпті биліктегілер мен Парламент депуттаттарын да ақ қалпақпен көресіз.

Қазақстан да былтырдан бастап 1-шілдені “Ұлттық домбыра күні” ретінде атап өтетін болды. Президент Н.Нзарбаев аталған мерекеге қатысты арнайы қаулыға қол қойған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз