18 науыз күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшілері тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының бұйрығымен:
Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Берік Сақбайұлы Арын – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Асқар Ерлікұлы Тәжібаев – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.