Қожамжаровпен бірқатар лауазымдылар қызметінен босатылды

0
132
дереккөзден

ҚР президентінің жарлығымен бірқатар лауазымды қызметкерлер қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды:

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды;

Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн  Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз