18 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа генерал-майор шені берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Нұрлан Ермекбаев 2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін дін істері және азаматтық қоғам министрі болған. 2018 жылдың шілдесінен бері елдің қорғаныс министрлігін басқарады.