Қазақстанда уақытша президент қызметін Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Бұл туралы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеді. Ол өз сөзінде өкілеттілігін тоқтататынын айтты.
Назарбаев мәлімдемесінде “Тоқаев – ел басқаруға лайық адам” деді.
Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылдан бері Қазақстанды басқарып келген.