Тоқаев турасында не айқын?

0
102
дереккөзден

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. ҚР Конституциясына сәйкес президент лауазымын уақытша атқарушы болып Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.

Тоқаев 20 наурыз сағат 12-де ант қабылдап, ҚР президенті лауазымына ресми кірісті.

ҚР президенті өкілеттігін Тоқаев елде президент сайлауы болғанға дейін яғни 2020 жылға дейін атқарады.

Тоқаев турасында не айқын?

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институын тәмамдаған. 1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігіне қызметке тұрды. Сингапур Республикасындағы совет үкіметінің елшілігіне қызметке аттанды. 1979 жылдан 1983 жылға дейін аға референт, атташе, КСРО сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.

  • 1993 жылдан 1994 жылға дейін – ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары;

  • 1994-1999 жылдары – ҚР сыртқы істер министрі;

  • 1999 жылы – ҚР премьер-министрінің орынбасары;

  • 1999-2002 жылдары – премьер-министр қызметін уақытша атқарушы, ҚР премьер-министрі;

  • 2002-2003 жылдары мемлекеттік хатшы – ҚР сыртқы істер министрі болды.

2003-2007 жылдары ҚР сыртқы істер министрі қызметін атқарса, 2007-2011 жылдары – депутат, Үшінші шақырылған ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болды. 2011-2013 жылдары – БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ еуропалық бөлімінің басшысы.

2013 жылдың 16 қазанынан ҚР Парламенті Сенатының спикері лауазымына тағайындалды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз