Мирзиёев пен Әлиев Тоқаевты телефон арқылы құттықтады

0
99

20 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Өзбекстан президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі ел халықтарының тату көршілігі мен достығына негізделген стратегиялық серіктестік жалғаса беретініне сенім білдірді.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны дамыту жолында ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Әзербайжан президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара ықпалдастықты жан-жақты дамытудың бағыты өзгермейтінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны нығайту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз