Дархан Кәлетаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын”, – деп хабарланады өкімде.
1 наурызда Кәлетаев премьер-министр канцеляриясының басшысы болып тағайындалған еді.
Д.Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.
«Социально-политическая консолидация казахстанского народа» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жастар өмірі және олардың саяси-әлеуметтік мәселелері жайында жазылған кітаптардың (мысалы, «Молодеж Казахстана на пороге ХХІ века», 2000; «Возмемся за руки, друзья!», 2001; телеавт.) авторы.
Қызмет жолы
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман;
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман;
05.1997 – 11.1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары, Алматы;
11.1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясат бөлімінің басшысы, Астана ;
2001-02.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары, Астана;
02.2002-11.2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы, Астана
11.2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы, Астана
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат Басқармасы әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі, Астана
2006-12.01.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Астана
12.01.2007-13.10.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
13.10.2008-19.11.2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары және ҚР Президентінің кеңесшісі;
11.2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры болды. 2016 жылы тұңғыш президент Н.Назарбаевтың өкімімен Сенат депутаты болды.