Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты ретінде ант берді

0
154
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров

28 наурыз күні Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Қожамжаровтың ант беруі рәсімі өтті. 

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!”, – деді Қайрат Қожамжаров.

Сонымен қатар, Қ.Қожамжаров Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің мүшесі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын. Ол бұған дейін ҚР Бас прокуроры қызметін атқарған.

Айта кетейік, Парламент Сенатының жалпы отырысында Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы  шешім қабылданды.

Қазақпараттың хабарлауынша, жақында Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз