Ресей Алматы облысы аумағында атом электр станциясын салуы мүмкін

0
245
"Росатом" жобасы - Беларусь атом электр станциясы. Көрнекі сурет.

Алматы облысында атом электр станциясы құрылысы үшін орын бөлінген. Бұл туралы Парламент Сенаты отырысының кулуарында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салу мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ.

АЭС құрылысы туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Біз әзірше тек алаң бөлдік, бізге анағұрлым сай келетін технологияны таңдаймыз. Әлі талқылаймыз, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика ведомствосы басшысының орынбасары атом электр станциясын салу мәселесі зерттеуді қажет ететінін айтты. Құрылыс үшін алаң Алматы облысындағы Үлкен елді мекені аумағынан алдын ала бөлініп отыр.

3 сәуір күні Қазақстан мен Ресей басшыларының ресми кездесуі барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда Ресей технологиясы бойынша атом электр станциясын салуды ұсынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз